Өзбекстан СІМ басшысы Германияның көші-қон комиссарымен кездесті
2023 жылғы 2 тамызда Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов Германия Федеративтік Үкіметінің Көші-қон жөніндегі комиссары Йоахим Стамппен кездесу өткізді.
СІМ мәліметінше, тараптар өзара ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
«Германия Өзбекстанның сауда серіктестерінің ондығына кіретіні атап өтіліп, келешегі зор жобалардың күн тәртібі, оның ішінде уақытша еңбек көші-қоны мәселелері талқыланды», делінген хабарламада.