Өзбекстан СІМ басшысы Еуропалық Одақтың Орталық Азия және адам құқықтары жөніндегі арнайы өкілдерімен кездесті
2023 жыл 17 сәуірде Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің басшысы Бахтиёр Саидов Еуропалық Одақтың Орталық Азия және адам құқықтары жөніндегі арнайы өкілдері Терхи Хакала және Имон Гилмормен келіссөздер жүргізді.
СІМ-нің хабарлауынша, кездесу барысында Өзбекстан мен ЕО арасындағы саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы қарым-қатынастардың ағымдағы аспектілері талқыланды.
«Азаматтық қоғам, адам құқықтары, гендерлік теңдік пен сөз бостандығын дамытудағы өзара ынтымақтастық мәселелері бойынша пікір алмасылды. Өзбекстан мен ЕО арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге тез арада қол қоюдың маңыздылығы атап өтілді», делінген хабарламада.
«Өзбекстан – ЕО» және «Орталық Азия – ЕО» түріндегі әртүрлі деңгейде жоспарланған іс-шаралар кестесіне ерекше назар аударылды.
Кездесуде аймақтық және халықаралық саясаттың кейбір мәселелері де талқыланғаны айтылады СІМ хабарында.