Өзбекстан СІМ басшысы Джорджа Мелонимен кездесті
Өзбекстан Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов Италия Министрлер Кеңесінің Төрағасы Джорджа Мелонимен кездесті.
«Ташкентке ат басын бұрып, қысқа уақыт аялдама жасаған Италия Премьер-Министрі Джорджа Мелони Жоғары мәртебелі ханыммен кездескенімізге қуаныштымыз», – деп жазды Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің басшысы өзінің Telegram-каналында.
Министр Италия Үкімет басшысымен өткен кездесуде Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің ізгі тілегін жеткізген.
«Өзбекстан-Италия стратегиялық серіктестік қатынастарының күн тәртібі жан-жақты және қарқынды дамып келеді», делінген СІМ басшысының жазбасында.