Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан СІМ басшысы Циндао делегациясымен кездесті
18:01 / 2022-11-04

Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Владимир Норов Циндао қаласының вице-мэрі Лю Цзяньцхюнды қабылдады.

СІМ мәліметінше, кездесу барысында Өзбекстан-Қытай қарым-қатынастарын дамыту және өңіраралық ынтымақтастық жөнінде пікір алмасылды. Циндаодағы «Қытай-ШЫҰ» пилоттық аймағы мен Самарқандтағы «Өзбекстан-ШЫҰ» индустриялық аймағы арасында байланыс орнатуға келісілді.

«Түрлі салалардағы жан-жақты стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту перспективалары, соның ішінде Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің 2022 жылғы қыркүйекте Өзбекстанға мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселелері қаралды», делінген хабарламада.

Сондай-ақ, өңіраралық ынтымақтастықтың өзара қарым-қатынаста алатын орны ерекше, Циндао Өзбекстан қалаларымен байланысты қолдауға дайын екені айтылды.

Кездесу барысында В.Норовқа 2019-2021 жылдары ШЫҰ Бас хатшысы қызметін атқарған кезінде «Қытай-ШЫҰ» пилоттық аймағын дамытуға қосқан үлесі үшін «Циндао қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.