Өзбекстан СІМ басшысы бастаған делегация АҚШ-қа барады
2020 жылдың 15-22 қараша аралығында Өзбекстан Үкіметі делегациясының АҚШ-қа сапары жоспарланған.
Америка Құрама Штаттарымен екіжақты саяси консультацияларға қатысу үшін осы елге баратын Өзбекстан Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов бастаған делегация құрамында «Олий Мажлис» Сенаты мен Заң шығару палатасы, Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігі және басқа да мемлекеттік органдардың жауапты қызметкерлері орын алған.
Сапар барысында Өзбекстан делегациясының мүшелері Вашингтон мен Нью-Йоркте өтетін бірқатар келіссөздерге қатысатын болады.