Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан СІМ басшысы Бағдат Әміреевпен кездесті
17:10 / 2021-02-08

Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреевпен кездесті.

Кездесуде Өзбекстан мен Түркі Кеңесі арасындағы өзара қызығушылық тудыратын салалардағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашағы талқыланып, кеңес құрамына Өзбекстанның қосылуы түркі әлемінің бірлігін нығайтудағы тарихи оқиға, өзара тиімді серіктестік процесінде бұрын пайдаланылмаған мүмкіндіктердің ашылуына ықпал еткені сөз болды.

[gallery-1055]

Құрылым аясында көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған 2019 және 2020 жылдардағы Ұйым саммиттерінде Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтің алға тартқан, бастамаларын жүзеге асырудың маңыздылығына ерекше назар аударылды және арадағы жоғары деңгейдегі кездесулер кестесі, оның ішінде Өзбекстанда өтуі жоспарланған Туризм, жастар және спорт министрлерінің кездесуі, сондай-ақ түркітілдес елдердің жас кәсіпкерлер форумы туралы пікір алмасылды.