Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Владимир Норов Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 77-сессиясының жалпы дебатында сөз сөйледі.
СІМ мәліметінше, Өзбекстан делегациясының басшысы өз сөзінде БҰҰ-ның жаһандық және аймақтық проблемаларды шешудегі орталық рөлін күшейтудің маңыздылығын, сонымен бірге болып жатқан өзгерістерге тиімді әрекет ету үшін Ұйымның өзі дамуы қажет екенін атап өтті.
— Ешбір ел жаһандық тәуекелдер мен сын-қатерлерден аулақ бола алмайды немесе оларды жалғыз шеше алмайды. Дағдарыстың қауіпті спиральінен шығудың жолын барлық елдердің мүдделерін ескеру мен құрметтеуге негізделген сындарлы диалог пен көпжақты ынтымақтастықтан көруге болады. Әлем және де тұрақты, болжамды және гүлденген болуы үшін тиімді халықаралық ынтымақтастық қажет, - деді В.Норов.
Өркениетаралық және мәдениетаралық байланысты орнату, кез келген мәселеге дәйектілікпен қарау, оның шешімін іздеу, жаһандық шиеленісті, белгісіздік пен болжауға болмайтын қауіп-қатерлерді жою үшін ынтымақтастық орнату бүгінгі күннің қажеттілігіне айналып отырғаны айтылды. Осыған байланысты Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев 16 қыркүйекте Самарқандта өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитінде ортақ қауіпсіздік пен гүлдену үшін Самарқанд ынтымақтастығы бастамасын алға тартты.
Одан көзделген мақсат халықаралық қатынастарда өзара сенім мен тұрақтылықты қалпына келтіруге көмектесу, сондай-ақ геосаяси бәсекелестіктен, идеологиялық қақтығыстар мен қайшылықтардан азат кең диалог орнату арқылы ынтымақтастықты нығайту.
2023 жылы Самарқанд форумында Өзбекстан көшбасшысының бастамасын жүзеге асыру мәселесін бірлесіп қарау ұсынылды.
ӨзА