Өзбекстан СІМ басшысы БҰҰ-ның жаңадан тағайындалған тұрақты үйлестірушісін қабылдады
2024 жыл 5 маусым күні Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов БҰҰ-ның Өзбекстандағы тұрақты үйлестірушісі болып тағайындалған Сабина Махлмен кездесті.
СІМ мәліметінше, сұхбат барысында «Өзбекстан – 2030» стратегиясы Тұрақты даму мақсаттарына толық сәйкес келетіні, Өзбекстан Үкіметінің БҰҰ және оның құрылымдарымен кең ауқымды ынтымақтастық бағдарламасы бар екені, өзара қарым-қатынастар барлық салада нәтижесін беріп отырғаны атап өтілді.
«Жақында БҰҰ Бас Ассамблеясы Өзбекстанның бастамасымен әзірленген 9 қаулы, атап айтқанда, 2024 жылдың өткен кезеңінде 3 резолюциясын қабылдады. Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі БҰҰ-ның Өзбекстандағы өкілдігі командасына барлық қажетті көмекті көрсетуге дайын екенін мәлімдеді», делінген хабарламада.