Өзбекстан СІМ басшысы Астанада өтетін «С5+1» отырысына қатысады
Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі м.а. Бахтияр Саидов бастаған Өзбекстан делегациясы 2023 жыл 28 ақпанда Астана қаласында (Қазақстан Республикасы) өтетін «С5+1» министрлер кеңесіне қатысады.
СІМ дерегінше, іс-шара барысында Өзбекстан Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан және Америка Құрама Штаттарының сыртқы саяси ведомстволарының басшылары тараптарды қызықтыратын салалардағы механизм аясындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылайды.