Өзбекстан СІМ басшысы АҚШ сенаторымен кездесті
2024 жыл 27 наурызда Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов АҚШ сенаторы Стив Дэйнспен кездесті.
СІМ мәліметінше, министр сенатордың «қазыналық штат» деп аталатын Монтана штаты мен АҚШ арасындағы барлық бағыттардағы қарым-қатынастарды дамытуға бағытталған күш-жігерін құптаған.
«Сұхбат барысында өңірлік және жаһандық күн тәртібі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы, экономика, энергетика, білім және басқа да салалардағы ынтымақтастықтың зор әлеуетін іске асыру жолдары талқыланды», делінген хабарламада.