Өзбекстан СІМ басшысы АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасарымен кездесті
Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Узра Зеямен кездесті.
СІМ мәліметінше, кездесуде екіжақты күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселелер талқыланып, Өзбекстан мен Америка Құрама Штаттарының барлық салалардағы тығыз ынтымақтастығын байытуға, әсіресе, халқымыз үшін барынша қолайлы жағдай жасауға бағытталған күш-жігерді жалғастыруға келісілді.