Өзбекстан СІМ: Ауғанстандағы мешітте болған жарылысты қатаң айыптаймыз
Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Ауғанстандағы мешітте жұма намазы кезінде орын алған жарылысқа байланысты мәлімдеме жасады.
«2022 жылдың 2 қыркүйегінде Ауғанстанның Герат қаласындағы «Гузаргах» мешітінде жұма намазы кезінде орын алған және бейбіт тұрғындар арасында көптеген құрбандар мен жарақат алуына себеп болған лаңкестік әрекетті қатаң айыптаймыз.
Мұндай келеңсіз әрекеттер Ауғанстандағы жағдайдың шиеленісуіне әкеліп соғатындықтан, елде ұзақ мерзімді және тұрақты бейбітшілік пен ұлттық келісімнің орнауына кедергі жасайды», делінген Өзбекстан СІМ хабарында
Ведомство, қайғылы оқиғадан қаза болғандардың отбасы мүшелері мен туған-туыстарына көңіл айтып, зардап шеккендердің сауығып кетуіне тілектестік білдірген.