English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан – Словакия: парламентаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды
17:53 / 2023-04-17

ӨР Олий Мажлис Сенатының Төрайымы Танзила Нарбоева Словакия Республикасы Ұлттық кеңесінің төрағасы Борис Коллар бастаған парламенттік делегациямен кездесті.

Сенат мәліметінше, кездесуде екі ел арасындағы қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы мен келешегі, атап айтқанда, екі ел парламенттері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

«Сенат басшысы парламентаралық байланыстарды дәйекті түрде дамыту Өзбекстан-Словакия қарым-қатынастарын кеңейтуге, тұтастай алғанда өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетуге қызмет ететінін, парламент депутаттарының өзара сапарларын жүзеге асыру, заң шығару, парламенттік бақылау және басқа салалар тәжірибе алмасу қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ Словакия Парламентімен барлық деңгейдегі қарым-қатынастарды жүйелі және тиімді орнатудың маңыздылығына назар аударып, өзара диалогтың тағы бір маңызды тетігі – парламентаралық достық топтар институтының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, өзара ынтымақтастықты жандандыру қажеттігін айтты, делінген хабарламада.

[gallery-11487]

Өз кезегінде Борис Коллар Өзбекстанның қысқа мерзімде әлемге ашылып, әлемдік қауымдастықта өзінің лайықты әрі берік орнын алып келе жатқанын айтқан. Сонымен қатар, ол Словакияның Өзбекстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін мәлімдеген.

Сұхбат барысында парламенттердің тиісті комитеттері арасында сауда-экономика, инвестиция, инновация, банк-қаржы, туризм, мәдени-гуманитарлық және басқа да салаларда тұрақты қарым-қатынастар орнату жөнінде пікір алмасылды.

Кездесу соңында тараптар парламенттік қызмет саласында тәжірибе алмасуға, тиісті комитеттер мен достық топтарының жетекшілері деңгейінде парламентаралық байланыстарды жандандыруға, халықаралық ынтымақтастық аясында тараптардың ұстанымдарын өзара қолдауға және үйлестіруге келіскені айтылады ақпаратта.