Өзбекстанның әскери қызметкерлері 19-24 сәуірде АҚШ-тың Миссисипи қаласында өткен «Үздік жауынгер» байқауының жеңімпаздары атанды.
«Camp Shelby» әскери оқу жаттығу базасында өткен биылғы жарыстың алдыңғы сайыстарға қарағанда анағұрлым қарқынды болғанын және онда қонақ ретінде қатысқан өзбек әскери қызметшілерінің білімі, шеберлігі, батылдығы мен батырлығы ерекше атап өтілді.
- Біз үшін дәстүрге айналған бұл сайысқа екінші рет өзбекстандық әріптестеріміз қатысуда. Бұл жолы олар тек физикалық тұрғыдан ғана емес, жауынгерлік және ақыл-ой дайындығында, қару-жарақты айыруда да айқын басымдыққа ие болды. Бұл біздің сержанттардык көбірек жұмыс істеуге шақырады», - деді Миссисипи штатының Ұлттық гвардия сержанттар командирі сержант майор Кристофер Йонг.
Осылайша өзбекстандық әскери қызметшілері сержант Дилмурод Сулайманов ІІІ және кіші сержант Хайрулла Алимовқа жарыс жеңімпаздарына берілетін «Үздік жауынгер» сыйлығы мен төсбелгілерін салтанатты түрде табысталды.


2019 жылы өткен осы жарыста да өзбекстандық әскери қызметшілері үздік деп табылған болатын.