Өзбекстан Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері АҚШ-та өткен «Ең озық жауынгер-2023» халықаралық байқауында жеңіске жетті.
Министрлік мәліметінше, 2023 жылдың 17-24 наурыз күндері АҚШ-тың Миссисипи штатындағы «Camp Shelby» әскери оқу-жаттығу базасында өткен «Ең озық жауынгер-2023» байқауына, кіші сержант Анвар Турсунов пен Азамат Кенжаев қатысып жеңімпаз атанды.
Жарыс барысында әскери қызметшілер жеке дене шынықтыру сынақтарынан (6 жаттығуды қоса есептегенде), физикалық және психикалық жүктеме сынағын, түнгі уақытта 15 шақырымдық бағдарлау, 15 келі салмақпен 20 шақырымға жүру, жауынгерлік және жалпы дайындық тест сынағы, эссе жазу (әскери ынтымақтастық тақырыбында кемінде 500 сөз), артиллериялық атыстарды басқару, АҚШ үлгісіндегі атыс қаруын бөлшектеу, жинақтау және оларды әртүрлі тәсілдер мен жағдайларда ату, медициналық дайындық, жаппай қырып-жою қаруларынан қорғау, күтпеген (тосын) жаттығуларды сәтті аяқтаған.
Ведомство хабарында, Өзбекстан әскерилері 15 келі жүкпен 20 шақырымдық марш шартын 1 сағат 54 минутта орындап, жарыс рекордын жаңартқаны айтылады.