Өзбекстан Сириядағы азаматтарды қайтару үшін кезекті «операция» ұйымдастырады
Өзбекстан Республикасының делегациясы Сирия Араб Республикасында сапармен болып,онда осы елдегі қиын жағдайға тап болған әйелдер мен балаларды Өзбекстанға қайтару жөніндегі кезекті «операцияны» ұйымдастыру мәселелерін әзірлеу мәселесі қаралды.
«Dunyo» ақпараттық агенттігі хабарлауынша, азаматтарды елге қайтару Өзбекстан Республикасы Үкіметінің тікелей міндеті болып табылады және осы мақсаттарға арналған шараларды жүзеге асыру тек гуманитарлық тұрғыдан ғана оңтайлы болмақ.
Бұған дейін осынау елден Өзбекстанға екі мәрте арнайы «операция» ұйымдастырылып, нәтижесінде 220 әйел мен бозбала Таяу Шығыстағы қақтығыс аймағынан елге оралған болатын.