Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан СІМ Қытайға баратын азаматтарды қауіпті жағдайдан ескертеді
13:14 / 2020-01-13

СІМ Қытайдағы консулдық бөлімі ақпаратына сүйене азаматтарды сақтыққа шақырған


Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі Қытайға баратын немесе сол елде жүрген өзбекстандықтарды Қытайдың Ухан қаласында жаппай тарап жатқан адам өміріне өте қауіпті коронавирусынан сақтануға шақырады. 

СІМ Қытайдағы консулдық бөлімі ақпаратына сүйене берген хабарламасында, қазіргі таңда Қытайдың Ухан қаласында 40 тан астам кісі вирустың жаңа түрімен ауруға шалдыққан жайлы айтып, тағыда 100-ге жуық азамат бақылауға алынғаны жайлы хабарлаған.

Қытайдың басқа қалаларына қарағанда біршама халық тығыз орналасқан аймағы саналатын Хубей провинциясының Ухан қаласында, өткен жылдың желтоқсанында жұқпалы вирустың жаңа түрі анықталғаны айтылған еді. Ал 3 қаңтарға келіп жергілікті тұрғындардан алынған медициналық сараптама нәтижесінде бұл түрдегі вирусты 44 азамат жұқтырғаны белгілі болып, 11 қаңтарда бір адам қаза тапқан.