Өзбекстан СІМ Қырғызстандағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады
Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қырғыз Республикасындағы орын алған жағдайға байланысты алаңдаушылық білдіріп мәлімдеме жасады
Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қырғыз Республикасындағы орын алған наразылық жағдайына байланысты алаңдаушылық білдіріп мәлімдеме жасады.
Онда, «Қырғызстан Республикасындағы орын алған жағдай мен болып жатқан өзгерістер Өзбекстан Республикасында қатты алаңдаушылық тудыруда.
Өзбекстан жақын көрші және стратегиялық серіктес ретінде бауырлас Қырғызстандағы жағдай жақын арада Конституция мен ұлттық заңнамаға сәйкес тұрақталады деп үміттенеді. Біз екі ел арасындағы достық, тату көршілік және көпжақты ынтымақтастық қатынастарын одан әрі дамытуға және нығайтуға деген ниетімізді растаймыз.
Қырғызстанның тұрақтылығы мен орнықты дамуы бүкіл Орталық Азия аймағының қауіпсіздігі мен өркендеуінің маңызды факторы болып табылады.
Қазіргі күрделі жағдайда біз Өзбекстанның ғасырлар бойғы тарихи және туыстық байланыстары мен ортақ мәдени және рухани құндылықтарымен берік тамырлас болған Қырғызстан халқына қолдан келген көмекті беруге дайынбыз», делінген мәлімдемеде.