Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан СІМ басшысы жұмыс сапарымен Үндістанға барады
09:12 / 2020-01-11

Келесі аптада Ресей Федерациясы СІМ басшысы Сергей Лавровтың ресми сапармен Ташкентке келуі жоспарланған


Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Абдулазиз Комилов келесі апта жұмыс сапарымен Үндістан Республикасына барады.

СІМ-нің хабарлауынша, 2020 жыл 14-15 қаңтар күндеріне белгіленген жұмыс сапары Нью-Дели қаласында Үндістан СІМ басшысы Субраманям Жайшанкар мен кездесу жоспарланған болып, Өзбекстан делегаттары Raisina Dialogue 5-халықаралық конференция жұмысына да қатысатын болады.

Сапар аясында форумға қатысушы шетелдік делегация басшыларымен екіжақты кездесулер өтуіде қарастырылған.

Еске сала кетсек, осыған дейін 15-16 қаңтар күндері Ташкентке Ресей Федерациясы СІМ басшысы Сергей Лавровтың ресми сапармен келуі хабарланған болатын. Онда ол Өзбекстан Президентімен кездесуі және Өзбекстан СІМ мен екі жақтама келіссөздер өткізіп 2020-2021 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасына қол жеткізу, сондай-ақ Ташкенттегі Мәскеу мемлекеттік халықаралық институтының филиалына баруы жоспарланған.