Өзбекстан шетелге қауын-қарбыз экспортын 72 пайызға арттырды
2022 жыл басынан бері Өзбекстан шетелге қауын мен қарбыз экспортын 72 пайызға арттырды.
Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметі бойынша, Өзбекстан 2022 жылдың қаңтар-тамыз айларында 33,2 млн долларға тең 119,8 мың тонна қауын-қарбыз экспорттады.
2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қауын мен қарбыз экспортының көлемі 50,1 мың тоннаға (71,8 пайыз) өскен.
2022 жылдың 8 айында Өзбекстан ең көп қауын мен қарбыз экспорттаған елдер:
— Қазақстан – 53,6 мың тонна
— Ресей – 26,9 мың тонна
— Қырғызстан – 19,9 мың тонна
– Тәжікстан – 12,2 мың тонна
— Латвия – 2,4 мың тонна
— Беларусь — 2,3 мың тонна