Өзбекстан шет елге 26,6 миллион долларлық кілем экспорттады
2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Өзбекстан шет елге 26,6 миллион долларлық кілем экспорттады.
Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметі бойынша, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда кілем экспорты 4,2 миллион АҚШ долларына азайған.
2022 жылдың 9 айында Өзбекстан кілем экспорттаған негізгі елдердің ішінде Қырғызстан бірінші орында тұр – 15,6 миллион доллар.
Кілем экспортталған мемлекеттер қатарында мына елдер бар:
- Әзірбайжан – 3,6 млн.;
- Ауғанстан – 2,6 млн;
- Ресей – 2,5 млн;
- Қазақстан – 1,1 млн.;
- Тәжікстан – 401 мың АҚШ доллары.