Өзбекстан шекарасында міндетті экспресс-тест тапсыру талабы жойылды
Өзбекстанға әуежай, вокзал және автокөлік (жаяу) өткізу пункттері арқылы кірерде міндетті экспресс-тест тапсыру талабы жойылды.
ДСМ-нің хабарлауынша, Республикалық арнайы комиссияның шешімімен 25 қаңтардан бастап Өзбекстанға кіру кезінде экспресс-тест тапсыру талабы алынып тасталды.
Ендігіде экспресс-тестті кем дегенде 48 сағат бұрын коронавирусқа қарсы ПТР сынағы теріс нәтижелі сертификаты жоқ жолаушылар ғана тапсыратын болады.