Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан шекара қызметі Қырғыстан шекарашыларына көмек көрсетті
14:18 / 2019-09-24

Бір-біріне көмек беру бауырлас ел арасындағы ортақ міндет


Өзбекстан шекара қызметінің хабарлауынша, 20 қыркүйекте Өзбекстан шекарашылары Қырғыстандық әріптестеріне түрлі заттармен байланыс құралдарын Өзбекстанның Бостандық, Жаңақорған аудандары арқылы өтетін Қырғызстанның Джалалабад облысының Ала-Бука ауданына тасымалдауға көмектескен.

Сондай-ақ, дәл сол 20 қыркүйекте Әндіжан облысының Мархамамат ауданындағы Оңтүстік Ферғана каналында қырғыз азаматына тиесілі сиыр ұсталып, екіжақты келісімдерге сәйкес 21 қыркүйекте Өзбекстан шекарашылары Қырғыстан Республикасы шекарашылары күәлігінде сиырды өз иесі Ж.Аслбековқа табыстаған.

Ал, 21 қыркүйекте «Бірдамлик-2019» бірлескен шекара операциясы аясында Өзбекстан мен Қырғызстан шекарашылары өзбек-қырғыз шекарасында бірлескен патрулдік жұмысын жүзеге асырды.