Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Сенатының төрағасы БҰҰ Бас хатшысымен кездесті
15:09 / 2024-03-16

Өзбекстан Республикасы Олий Мажлис Сенатының Төрағасы Танзила Норбоева Нью-Йорк қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесті.

Кезедсуде Өзбекстан Республикасының БҰҰ және оның мамандандырылған мекемелерімен ынтымақтастығының ағымдағы жағдайы мен перспективалары қарастырылды.

Атап айтқанда, Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізу, гендерлік теңдікті қамтамасыз ету, сондай-ақ экологиялық проблемаларды, оның ішінде Арал трагедиясының зардаптарын жұмсарту мәселелеріне назар аударылды.

Кездесу барысында Өзбекстанның БҰҰ-мен өзара қарым-қатынастары кеңейіп жатқаны, экономика, ғылым, денсаулық сақтау, экология, мәдениет және білім беру салаларындағы ынтымақтастықтың тиімді нәтижелері атап өтілді.

Өзбекстан БҰҰ аясында әлемдік қауымдастық қолдаған тұрақтылық пен дәйекті дамуды қамтамасыз ету, адам құқықтарын қорғау практикалық үлес қосатын бастамаларды алға тартып отырғаны атап өтілді. Атап айтқанда, Өзбекстанның бастамасымен аймақтық ынтымақтастық, экология, адам құқықтарын қорғау, Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуді жеделдету мәселелері бойынша парламентаралық диалогты дамытуға бағытталған БҰҰ Бас Ассамблеясының 7 арнайы резолюциясы қабылданды.

А.Гутерриш Орталық Азия елдері арасындағы қарым-қатынастардың бүгінгі оң жағдайындағы Өзбекстанның маңызды рөлін атап өтті.

Президент Шавкат Мирзиёевтің күш-жігерінің арқасында Орталық Азия бүгінде келісімде өмір сүріп, елдер барлық салада белсенді ынтымақтастық жасауда.

Өзбекстанның бастамасымен аймақ әйелдері Орталық Азия елдерінің жетекші әйелдерінің бірегей диалогы аясында топтаса алды.

Сұхбат барысында Өзбекстанның халықаралық аренадағы бастамаларын ілгерілету, республикада жүзеге асырылып жатқан реформалар, аймақтық ынтымақтастықты кеңейту бағытында БҰҰ-мен сындарлы ынтымақтастық туралы пікір алмасылды.

Шынайы және практикалық рухта өткен диалог соңында Өзбекстан мен БҰҰ арасындағы барлық салаларда өзара тиімді қарым-қатынастарды одан әрі кеңейтуге келісілді.