Өзбекстан Республикасы Олий Мажлис Сенатында Қытай Халық Республикасы Коммунистік партиясы Орталық комитетінің мүшесі, Халықаралық қатынастар бөлімінің басшысы Лю Цзяньчао бастаған делегациямен кездесу өтті.
Сенат төрайымы Танзила Нарбаевамен өткен кездесуде, Өзбекстан мен Қытай арасындағы өзара сенім мен достыққа негізделген қарым-қатынастардың стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілгені ерекше атап өтілді.

Кездесу барысында инвестиция, сауда-экономика, мәдени-гуманитарлық байланыстар мен білім беру салаларындағы жобалар талқыланды. Сондай-ақ екі ел аймақтары арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге баса назар аударылды.
Тараптар Өзбекстан мен Қытай арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту және парламентаралық қарым-қатынастарды кеңейту мәселелерін де сөз етті. Бұл ретте заң шығарушы органдар арасындағы байланыс екіжақты ынтымақтастықтың маңызды тетігі ретінде бағаланды.
Тараптар Ташкент қаласында өтетін Парламентаралық одақтың 150-жылдығына арналған мерейтойлық Ассамблея аясындағы екіжақты диалогтың келешегі туралы да пікір алмасты.
Лю Цзяньчао екі ел арасындағы қол жеткізілген табыстарды жоғары бағалап, Қытай тарапы экономика, мәдениет, туризм және білім беру сияқты барлық бағыттарда Өзбекстанмен ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін білдірді.
Кездесу соңында тараптар Өзбекстан мен Қытай арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту және ортақ стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыруда маңызды рөл атқаратын парламентаралық қарым-қатынасты тереңдетуге белсенді түрде күш салатындарын нақтылады.