Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Республкасының Жоғары Мәжілісі Сенатының 24-ші жалпы отырысы
13:35 / 2019-11-30

Танзила Нарбоева: сенаторлар, жоғары лауазымды тұлғалар қарапайым халық және журналистермен әнгіме барысында мәміле мәдениеті мен этиканы сақтап дұрыс диалогта болу қажет


Бүгін 30-шы қарашаға белгіленген Сенаттың жиырма төртінші жалпы отырысы болып, онда Сенат төрайымы Танзила Нарбоева сөз бастап Президент Шавкат Мирзияевтің алға тартқан ең бастысы «адам мүддесі барлығынан жоғары» екендігін жайлы айтып, қоғамдағы заңның үстемдігін қамтамасыз ету, мемлекеттік басқару жүйесін түбегейлі жетілдіру, БАҚ бостандықты қамтамасыз етуге қызмет етіп кележатқаны жайында сөз айтып, сенаторларға қарапайым халық және журналистермен әнгіме барысында мәміле мәдениеті мен этиканы сақтап дұрыс диалогта болу қажет, бұл қазіргі заман талабы екендігін жеткізді.

Сондай-ақ мәжілісте келесі жылғы бюджет мәселесі жөнінде Қаржы министрі Жамшид Қучқоров сөзге шығып, келесі жылдан бастап мектептер мен балабақшалардағы жұмысшылар жалақысы республикалық бюджеттен қаржыландырылатын айтты.
Қаржы министрінің мәлімдеуінше, жергілікті бюджеттердің тәуелсіздігін арттыруға байланысты бірінші дәрежелі шығыстардың кепілді төленуін қамтамасыз ету мақсатында келесі жылдан бастап орта мектептер мен мектепке дейінгі мекемелердің жалақысын қаржыландыру республикалық бюджет арқылы жүзеге асатын болады.