Өзбекстан Республикасының Президентіне ТМД-ның жоғары наградасы табыс етілді
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы аясында Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевке достық, тату көршілік және көпжақты ынтымақтастық қатынастарын нығайтуға қосқан үлесі үшін ұйымның ең жоғары наградасы – ТМД-ның Құрмет медалін салтанатты табыстау рәсімі өтті.
Айта кетерлігі, кейінгі жылдары Өзбекстанның Достастық жұмысына қатысуы жандана түсті.

Өзбекстан ТМД секторларындағы ынтымақтастықтың 24 ұйымына қосылды, 65 құрылымның қызметіне толықтай қатысады.
<iframe width="640" height="360" src="https://www.youtube.com/embed/zmxsa27OsaE" title="Бишкек саммитида Президент Шавкат Мирзиёевга МДҲ Фахрий нишонини тантанали топшириш маросими" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture; web-share" allowfullscreen></iframe>Осы кезеңде Өзбекстан Президенті көптеген маңызды бағыттар бойынша 70-ке жуық бастама көтерді. Олардың көпшілігі Достастыққа мүше елдердің қолдауымен жүзеге асырылды.







