Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Республикасының Президенті ШЫҰ саммитіне қатысады
14:46 / 2024-07-02

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше Мемлекеттер басшылары кеңесінің кезекті отырысына және «ШЫҰ плюс» форматындағы отырысқа қатысу үшін 3-4 шілде күндері жұмыс сапармен Астана қаласында болады.

Саммиттің күн тәртібінде ШЫҰ аясындағы көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту және ұйым қызметін жетілдірудің өзекті мәселелері орын алған. Сондай-ақ халықаралық және аймақтық ынтымақтастықтың маңызды аспектілері қарастырылады.

Жиын соңында Астана декларациясы мен экономика, қауіпсіздік, экология, энергетика, туризм және басқа да көптеген салалардағы әріптестікті кеңейту жөніндегі құжаттарды қабылдау жоспарланған.

Сапар аясында Өзбекстан басшысы шетелдік делегациялардың басшыларымен екіжақты кездесулер өткізеді.