Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Республикасының Президенті Ресей Федерациясына ресми сапармен барады
15:48 / 2023-10-04

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің шақыруымен 5-7 қазан күндері осы елге ресми сапармен барады.

Сапар бағдарламасына сәйкес, Мәскеу қаласында екі ел басшыларының келіссөздері өтеді. Мемлекет басшысы Ресей Премьер-Министрі Михаил Мишустинмен де кездеседі.

Алдағы кездесулердің күн тәртібінде екіжақты стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі нығайту мәселелері орын алған. Ең алдымен сауда-экономикалық, инвестициялық, көші-қон және гуманитарлық салалардағы практикалық ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударылады.

Сондай-ақ Өзбекстан Президенті Татарстанға барып, республика төрағасы Рустам Миннихановпен келіссөздер өткізеді деп жоспарланған.