Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының жоғары мемлекеттік наградасымен марапатталды
15:19 / 2024-08-08

Мемлекеттік сапар бағдарламасы аясында Астана қаласында Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевке Қазақстан Республикасының «Алтын Қыран» орденін тапсыру рәсімі өтті.

Бауырлас елдің ең жоғарғы мемлекеттік наградасын Өзбекстан басшысына Президент Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты түрде табыс етті.

Мемлекет басшысы көпұлтты Өзбекстан халқының атынан шын жүректен ризашылығын білдіріп, мұндай жоғары марапат екі елдің ғасырлар бойы қалыптасқан шынайы достық пен тату көршілік байланыстарын нығайту жолындағы бірлескен күш-жігеріне берілген баға, сондай-ақ Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасты жаңа тарихи кезеңге – стратегиялық серіктестік пен одақтастық деңгейіне шығару үшін ортақ ұмтылыстардың құрметі екенін атап өтті.

«Алтын Қыран» жоғарғы ордені Қазақстанмен достық қарым-қатынасты нығайтуға қосқан үлесі үшін мемлекет қайраткерлеріне беріледі.