Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті арасында жұмыс кездесуі өтті
20:25 / 2020-09-25


25 қыркүйекте Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев пен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев арасында жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу Қазақстан тарапының шақыруы бойынша Түркістан облысының Өзбекстанмен шекаралас аймағы Сарыағаш қаласында өтті.

Кездесуде екі елдің басшылары Өзбекстан - Қазақстан стратегиялық серіктестігінің қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылап, аймақтық және халықаралық маңызы бар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Коронавирустық инфекцияның ғаламдық таралуының салдарын тез арада жеңу үшін үкіметтік деңгейде тығыз үйлестіруді және тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға ерекше назар аударылды.

Екіжақты сауданы ұлғайту және сауда айырбастаудың өзара келісілген көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін қолайлы жағдайлар жасауды жалғастыру, қабылданған бірлескен «Жол картасы» шеңберінде өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы және көлік саласындағы ынтымақтастық бойынша басым жобаларды іске асыруға көмектесу, аймақаралық қатынастар мен гуманитарлық алмасуларды қолдаудың маңыздылығы айтылды.

Сонымен қатар, аймақтық серіктестікті дамыту мәселелеріне, оның ішінде 2019 жылдың қарашасында Ташкентте өткен Орталық Азия елдері басшыларының екінші Консултативті кездесуінің қорытындысы бойынша қол жеткізілген келісімдерге тоқталып, ТМД аясындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланды.

Сұхбат асында Шавкат Мирзияев пен Нұрсұлтан Назарбаев бауырлас Өзбекстан мен Қазақстан халықтары арасындағы тату көршілік байланыстар мен жан-жақты қатынастарды нығайтуға бел буғандықтарын тағы айтып өтті.

Кездесу әдеттегідей көңілді, ашық және достастық рұхта өтті.