Өзбекстан Республикасы Президенті ТМД-ның бейресми саммитіне қатысады
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзиzев 26-27 желтоқсанда өтетін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері басшыларының бейресми кездесуіне қатысу үшін жұмыс сапарымен Санкт-Петербург қаласына барады.
Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің бастамасымен өтетін шараның күн тәртібіне ТМД аясындағы көпжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері енгізілген.
Достастық елдерінің басшылары биылғы жылдың негізгі қорытындыларын шығарып, практикалық ынтымақтастықтың басым бағыттары бойынша пікір алмасуы көзделген.