Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Республикасы Президенті ШЫҰ саммитіне қатысады
20:17 / 2020-11-09

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 10 қарашада Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) Мемлекет басшылары кеңесінің бейне байланыс түрінде өтетін саммитіне қатысады.

Ресей төрағалық ететін отырыстың күн тәртібіне жаңа жаһандық қауіптер мен қатерлердің күшейуі жөнінде ШЫҰ аясында көпжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері орын алған.

Ұйымға мүше және бақылаушы мемлекеттер делегацияларының басшылары басым бағыттар бойынша көпжақты қатынастарды дамыту перспективаларын талқылайды, сондай-ақ халықаралық және аймақтық маңызы бар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасады.

10 қарашада өтуі жоспарланған атаулы жиында БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш саммитке қатысушыларға бейне үндеу жолдайды деп күтілуде.

Саммит қорытындысында ШЫҰ аясындағы қауіпсіздік, экономикалық ынтымақтастық, цифрлық технологияларды енгізу, ауылдарды дамыту, эпидемияға қарсы тиімді күрес және басқа да өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту бойынша Мәскеу декларациясы мен құжаттар пакеті қабылданады деп жоспарланған.