Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Ресейден жаңа электровоздар сатып алды
19:26 / 2020-07-17

Бұл түрдегі электровоздардың айырмашылығы - олардың барлық тарту жүйелері электронды басқаруға бейімделген


Өзбекстан темір жолдары локомотив паркін жаңарту бойынша бірқатар тиімді жұмыстарды атқарып келеді.

Бұған дейін 2004 жылда Азия даму банкімен бірлесе отырып, Қытайдың Чоджоу және Далянь электровоз зауыттарынан 49 сериялы «Өзбекстан», заманауи жүк және жолаушылар локомотивтерін сатып алған еді.

Ал 2018 жылға келіп Азия даму банкімен бірлескен жоба аясында Ресейдің электровоз зауытында шыққан 3ES5K «ERMAK» екі үш секциялы электровозын сатып алып, осы ынтымақтастықтың жалғасында тағы да бес секциялық «ERMAK» электровозын сатып алу туралы келісімге қол жеткізілген.

Бүгін дәл осындай электровоздан тағыда екеуі алып келінді. Жыл соңына дейін және үш электровоз алу жоспарланған. Бұл түрдегі электровоздардың айырмашылығы - олардың барлық тарту жүйелері электронды басқаруға бейімделген болып, ол сонымен бірге таулы жағдайда ауыр жүк пойыздарын тартуға арналған.