English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
ӘЧ 2020 іріктеу: Өзбекстан құрамасы өз алаңында Сауд Арабиясынан жеңіліп қалды
12:54 / 2019-11-15

Жапондық төрешілер басқарған кешегі кездесуде Абрамов мүлдем басқа тактиканы қолданды.


Азия елдері арасында Қатарда өтетін 2022 жылғы ӘЧ-на іріктеу кезеңінің 5-тур кездесулері өтіп, онда Өзбекстан құрасмасы өз алаңында арабтардан жеңіліп қалды.

Үш ойын нәтижесімен 6 ұпайға иелік еткен Өзбек құрамасы өз тобында көш басынан көрінгені мен кешегі ойында ол орынды сақтап қалу үшін қанша тырысқан болсада саудиялық футболшылар кездесудің соңғы минуттарында жеңісті қанжығалап, топта 8 ұпаймен көш бастады.

Халықаралық дәрежедегі бапкер аргентиналық Эктор Куперден қабылдап алған Вадим Абрамов құрамадағы тактиканы аздап өзгертті. Бұл өзгеріс Сингапур және Йемен құрамаларын ұтып өз сенімін ақтады. Ал арабтарға қарсы ойын алдынан, өткен аптада Қырғыстан мен достастық кездесуі ойынын тікелей эфирден көрсетілмесе екен деп өз қалауын білідіріп, «біздің ойын үрдісіміз саудиялықтарға құпия болсын»-деген мақсатта айттқанын алға тартты. Бірақ тікелей эфир көрсетілді.

Жапондық төрешілер басқарған кешегі кездесуде Абрамов мүлдем басқа тактикалы жүрісті қолданды. Алғашқы таймда бұл өзгеріс өте орынды көрінгендей болды. Елдар Шомурадов гол соқты. Өзбек құрамасы алға шықты. Көп өтпей жапондық төреші Рюжи Сато өзбек қақпасына пенальти белгіледі және есеп теңесті. Бірінші бөлімде алаң иелері қанша шабуыл жасаған мен есеп өзгеріссіз қала берді.

Екінші бөлімнің алғашқы минуттарынан шабуылға шыққан өзбек футболшылары діттеген ойын 55 минутқа келіп жүзеге асырды. Өз қақпасы алдында допты қолымен ойнаған саудиялық футболшыны байқаған төреші пенальти белгілеп есептің 2:1 көрнісіне әкеп соқты.

Ойынның соңына таман арабтар қатарынан (85-90 минуттарда) екі гол соғып таблодағы есепті 2:3 көрінісіне келтірді. Осылай жеңісті өзбек құрамасынан тартып алып, топта 8 ұпаймен көш бастады. 19 қарашада Өзбекстан құрамасы өз алаңында Палестинаны қабылдайды.

5-турдан орыналған қалған ойын нәтижелері:

“А” тобы
Сирия – Қытай – 2:1
Мальдив – Филиппин – 1:2

“В” тобы
Иордания – Австралия – 0:1
Кувейт – Қытай Тайпей – 9:1

“С” тобы
Гонконг – Бахрейн – 0:0
Ирак – Иран – 2:1

“D” тобы
Өзбекстан – Сауд Арабиясы – 2:3
Йемен – Палестина  – 1:0

“E” тобы
Ауғанстан – Үндістан – 1:1
Оман – Бангладеш – 4:1

“F” тобы
Қырғыстан – Жапония – 0:2
Мьянма – Тәжікстан – 4:3

"G" тобы
Вьетнам – БАӘ – 1:0
Малайзия – Таиланд – 2:1

“Н” тобы
Ливан – Оңтүстік Корея – 0:0
Түркіменстан – Солтүстік Корея – 3:1