Өзбекстан құрамасы Палестина үстінен жеңіске жетті
Іріктеу кезеңіндегі сұрмергендер қатарында Елдар Шомурадов 6 голы мен екінші орында келеді.
Соңғы кездесуде Сауд Арабиясы құрамасына өз алаңында 2:3 есебінде есе жіберген Абрамов шәкірттері бүгінгі кездесуде Палестина құрамасын жеңіп өз тобында көш басына шықты.
Іріктеу кезеңінің алғашқы кездесуінде Палестинада қонақта болған Өзбекстан құрамасы 2:0 есебінде тарихта алғаш рет жеңіліс тауып, нәтижесінде аргентинлық бакер Эктор Купердің жұмыстан кетуімен аяқталған еді. Бірақ Купер келісім шарт бойынша 2 млн доллар көлемінде ақшаны қоса ала кетті. Әрине бұл шешім екі тарапқа да оңай соқпады. Өйткені Купер бір жыл көлемінде құраманы осы деңгейге жеткізу үшін қанша еңбек етті. Бір ғана ойын оның жұмыстан кетуіне себеп болды.
Жаңадан келген Вадим Абрамов саудиялықтарға қарсы өткен ойындағы жеңілістен соң жанкүйерлер тарапынан сенімсіздікке тап болып, бүгінгі өтер ойынғада көрермен күмәнмен қарағаны бар. Себебі өткен ойында жеңіп тұрып ойын аяқталуына бес минут қалғанда екі гол жіберіп алып қатты сынға ұшрады.
Сондықтан да бүгінгі қарымта кездесуге бөлекше дайындығы ойында өз сенімін ақтап, Елдар Шомурадовтың екі таймда екі голымен аяқталды. Осылайша 5 кездесудің нәтижесінде 9 ұпаймен Өзбекстан топта көш басына шықты. Ал іріктеу кезеңіндегі сұрмергендер қатарында Елдар Шомурадов 6 голы мен екінші орында келеді.