Британдық The Economist журналы Арал өңірін қалпына келтіруге бағытталған экологиялық жоба тақырыбына мақала жариялады.
Онда медицина мен тамақ өнеркәсібінде қолданылатын қызыл мия тамырын өсіру жобасының нәтижелеріне қатысты мәліметтер жазылған.
«Дүниежүзілік банктің мәліметі бойынша, 2017-2021 жылдары Өзбекстаннан мия сығындысы экспортының көлемі 30 млн долларға жетті. Былтыр Өзбекстан мия өсіруден әлемде бірінші орынға шықты. Бұл жобаның орталығында Қарақалпақстан тұр», делінген мақалада.
Бүгінде Қарақалпақстанда қызыл мия тамырын қайта өңдеу кәсiпорындары құрылған болып, олардың бiразы қытайлық инвесторлардың қатысуымен ашылған. Бұл кәсіпорындарда салық жеңілдіктері бар және кедендік төлемдерден босатылған.
Қазіргі уақытта осы өсімдік тамырына негізделген өнімдердің ассортименті кең жән олар қатарында сусабын, шай, дәрі-дәрмек өнімі бар.
Мамандардың айтуынша, Өзбекстан компаниялар санының көбеюімен қызыл мия сығындысын өндіруден дайын өнім шығаруға ауысып, экспортты екі есеге арттыруы мүмкін, деп хабарлайды «Dunyo» ақпараттық агенттігі.