Өзбекстан Қытаймен көлік ағынын басқаруда ынтымақтасқ жасайды
Қытайлық компания Өзбекстанмен интеллектуалды көлік жүйесін енгізуде ынтымақтастық жасамақ.
Көлік министрлігінің хабарлауынша, министрдің бірінші орынбасары М.Омаров «Anlu International» компаниясының вице-президентімен кездесті.
«Онда интеллектуалды көлік жүйесі мен жолдардағы көлік ағынын басқаруда инновациялық шешімдерді енгізу талқыланды. Бұл арқылы тараптар жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында ынтымақтасуға ниетті», делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, бұған дейін Қытайдың Hichain компаниясы Өзбекстанның үш облысында логистикалық орталық ашатыны айтылған еді.