Өзбекстан Қырғызстанға 200 төсек-орынға арналған медициналық контейнер жіберді
Өзбекстан 18 қарашада Қырғызстанға кезекті бір гуманитарлық көмек жіберді. Ондағы көмек жүгі құрамында - 200 төсек-орынға арналған ауруханаға мамандандырылған контейнерлер орын алған.
«Өзбекстан темір жолдары» АҚ баспасөз қызметі хабарлауынша, контейнерлер жұқпалы науқастар ауруханаларының құрылысында қолданылады. Бұдан бөлек Өзбекстан тарапы жақын арада осыған ұқсас конструкцияның тағы бір партиясын Қырғызстанға жіберуді және коронавирусқа қарсы күресте өзбекстандық дәрігерлерді де жіберуді жоспарлап отыр.
Бұған дейін Өзбекстан гуманитарлық көмекретінде Қырғызстанға медициналық құрал-жабдықтар мен 3 мың тонна бидай жіберген болатын.