Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан-Қырғызстан саммиті жемісті болды
21:13 / 2024-07-19

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың мемлекеттік сапары аяқталды.

Екі күндік сапар барысында жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіліп, оның соңында Мемлекет басшылары жан-жақты стратегиялық әріптестікті тереңдету және кеңейту туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойды.

Екіжақты құжаттардың айтарлықтай жиынтығы қабылданды. Энергетика, автокқлік және тоқыма өнеркәсібінде ірі бірлескен жобалар іске қосылды.

Мемлекет басшылары Өзбекстан мен Қырғызстан өнер шеберлерінің концертін тамашалады.

Бүгін басшылардың диалогы Хиуа қаласында жалғасты. «Хива кілемдері» комбинатының өндірістік қуаты, «Made in Uzbekistan» брендімен жасалған өнімдер көрмесі таныстырылды.

Президенттер жұбайларымен бірге көне Хиуа қаласының тарихи-сәулет жәдігерлерін де аралады.

Сапар шаралары аяқталғаннан кейін, Президент Шавкат Мирзиёев жұбайымен бірге Президент Садыр Жапаров пен жұбайын Үргеніш халықаралық әуежайындан шығарып салды.

Осыдан кейін Мемлекет басшысы Ташкентке қайтап оралды.