English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан-Қырғызстан-Қытай темір жолының құрылысы басталады
13:30 / 2022-09-15

ШЫҰ-ның Самарқанд саммиті аясында «Өзбекстан-Қырғызстан-Қытай» темір жолы бойынша ынтымақтастық туралы үшжақты келісімге қол қойылды.

14 қыркүйекте ШЫҰ-ның Самарқанд саммиті аясында Өзбекстан Көлік министрлігі, Қырғызстан Көлік және коммуникация министрлігі мен Қытайдың Даму және реформалар жөніндегі мемлекеттік комитеті арасында «Өзбекстан-Қырғызстан-Қытай» темір жолының құрылыс (Қырғызстан аумағында) жобасы бойынша үшжақты ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. 

Бұл құжатпен Қырғызстан аумағындағы темір жол құрылысы жобасының техникалық-экономикалық негізін әзірлеу бойынша барлық жұмыстарды 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында аяқтау жоспарланған.

Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуде мүдделі тараптардың қатысуы, қаржыландыру және шығындарды бөлу процесі нақтыланғаны, айтылады ӨР Көлік министрлігі хабарында.