Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан - Қырғызстан мемлекеттік шекарасын делимитациялау және демаркациялау мәселелері бойынша кеңес өтті
03:11 / 2021-03-26

2021 жылдың 24-25 наурыз күндері Ташкентте Өзбекстан-Қырғызстан мемлекеттік шекарасын делимитациялау және демаркациялау мәселелері бойынша Өзбекстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы үкіметтік делегацияларының бірлескен отырысы өтті.

Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Арипов пен Қырғыз Республикасы Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қамшыбек Тошиев бастаған делегация құрамы, 11-12 наурызда Ташкентте ӨР Президенті Шавкат Мирзияев пен ҚР Президенті Садыр Жапаровтың арасында өткен саммит қорытындысына орай қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес ұйымдастырылғандығы айтылды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша өзбек-қырғыз мемлекеттік шекарасын делимитациялау және демаркациялау мәселелері бойынша бірлескен отырыс туралы мәлімдемеге қол қойылды.