Өзбекстан құрамасының Жапонияға қарсы жолдастық кездесуі өтпейтін болды
2022 жылдың 21 қаңтарына жоспарланған футболдан Өзбекстан – Жапония құрамаларының кездесуі өтпейтін болды.
ӨФА дерегінше, коронавирусқа байланысты Жапонияда карантин ережелері күшейтілген болып, соның нәтижесінде Жапония футбол қауымдастығы ойынды тоқтатуға мәжбүр екенін мәлімдеген.
Әлемнің көптеген елдерінде коронавирустың «омикрон» штаммымен күрес шаралары жүргізіліп жатқаны белгілі. Атап айтқанда, Жапонияда карантиндік шаралар күшейтілуде. Сондықтан үкіметтің ұсынысымен Жапония футбол қауымдастығы Өзбекстан құрамасымен 21 қаңтарға жоспарланған жолдастық кездесуден бас тартуға мәжбүр болды, делінген хабарламада.
Хабарда айтылуынша, қазір Өзбекстан футбол ассоциациясы мамандар мен ұлттық құраманың жаттықтырушылар штабы сол күні басқа бір қарсыласпен жолдастық кездесу өткізуді пысықтауда.