Өзбекстан құрамасы сырт алаңда Қатарға есе жіберді
Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қатар мен Өзбекстан құрамалары арасында 5-ші тур кездесуі өтті.
Тартысты өткен матчтың Өзбекстан құрамасы Қатарға 2:3 есебінде есе жіберді.
«A» тобындағы КХДР мен Иран арасындағы матч та 2:3 есебімен Иран жеңісімен аяқталды.
Ал Біріккен Араб Әмірліктері өз алаңында Қырғызстан құрамасын ірі есеппен – 3:0 жеңіп, жанкүйерлерін қуантты.
Осылайша, топтағы жағдай айқындала түсті. Иран құрамасы 13 ұпай жинап, көшбасшылықты өз қолына алды. Өзбекстан құрамасы 10 ұпаймен екінші орынға жайғасты. БАӘ мен Қатар құрамалары 7 ұпайдан еншілеп, сәйкесінше 3-ші және 4-ші орындарды бөлісті. Қырғызстан 3 ұпаймен бесінші орында тұрса, КХДР құрамасы 2 ұпаймен соңғы орында келеді.
Алдағы 6-турда тартысты кездесулер өтеді: КХДР – Өзбекстан, Қырғызстан – Иран және БАӘ – Қатар құрамалары өзара күш сынасады.