English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан құрамасы FIFA рейтингінде жоғарылады
12:11 / 2025-04-04

FIFA наурыз айының қорытындысы бойынша жаңартылған рейтингін жариялады. Қуаныштысы бұл жолы Өзбекстанның ұлттық құрамасы бір сатыға жоғары көтерілді.

Атап айтқанда, Өзбекстан құрамасы 2026 жылы өтетін Әлем чемпионатының Азия аймағындағы 3-іріктеу кезеңі аясында Қырғызстанды жеңіп, Иран құрамасымен тең ойнаған болатын. Осы нәтижелер негізінде FIFA рейтингінде 1437.02 ұпай жинап, 57-орынға тұрақтады.

Рейтингтің бірінші сатысында Аргентина құрамасы көш бастап тұр. Одан кейінгі орындарды Испания мен Франция құрамалары иеленген. Азия командалары арасында ең үздік нәтиже Жапонияға тиесілі — ол 15-орында. Иран құрамасы 18-сатыда, Оңтүстік Корея — 23, Австралия — 26, ал Қатар құрамасы 55-орында орналасқан.