Өзбекстан құрамасы «CAVA Men's volleyball challenge cup Colombo 2023» турнирінің қола жүлдегері атанды
Шри-Ланкада волейболдан өткен «CAVA Men's volleyball challenge cup Colombo 2023» турнирінде ұлттық құрама 2-ші орынға ие болды.
Бес күнге созылған турнирде Шри-Ланка төрт жеңіс, бір жеңіліспен 13 ұпай жинап 6 командалық турнир кестесінде бірінші орынды иеленсе, Өзбекстан құрамасы төрт жеңіс, бір жеңіліспен екінші орынға жайғасты.

Айта кетейік, Өзбекстан құрамасы іріктеу кезеңінде Сауд Арабиясы (3:0), Шри-Ланка (3:2), Бангладеш (3:1) және Непал (3:0) құрамаларын жеңді, Ауғаныстанға (2:3) жеңілді.