English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан қорғаныс министрі Италия қорғаныс министрін қабылдады
18:57 / 2023-04-26

Өзбекстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Бахадир Курбанов Өзбекстанға сапармен келген Италия Қорғаныс министрі Крозетто Гвидоны қабылдады.

Қорғаныс министрлігінің Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар департаментінің хабарлауынша, ресми қабылдау рәсімі алдында мәртебелі мейманның құрметіне құрметті қарауыл сап түзеп, екі елдің әнұраны шырқалды.

Содан кейін өткен кездесуде қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы, оны дамыту перспективалары талқыланды. Сондай-ақ әскери ынтымақтастықты одан әрі нығайту және дамыту мақсатында екі елдің қорғаныс ведомстволары арасында штабтық келіссөздер өткізу дәстүрге айналғаны сөз болды.

Кездесу соңында Өзбекстан мен Италияның әскери және әскери-техникалық салалардағы екіжақты ынтымақтастығы жоғары бағаланды, делінген хабарламада.

Шундан сўнг бўлиб ўтган учрашувда хавфсизлик ва мудофаа соҳасидаги ҳамкорликнинг бугунги ҳолати, унинг ривожланиш истиқболлари муҳокама қилинди. Шунингдек, ҳарбий ҳамкорликни янада мустаҳкамлаш ва ривожлантириш мақсадида икки давлат мудофаа идоралари ўртасида штаб музокараларини ўтказиш анъанага айлангани эътироф этилди.

Суҳбат якунида Ўзбекистон ва Италиянинг ҳарбий ва ҳарбий-техник соҳалардаги икки томонлама ҳамкорлик муносабатлари юқори баҳоланди.

ЎзА