Өзбекстан мен Қазақстан шекарасынан өту жолы уақытша тоқтатылды. Бірақ әуе жолдары ашық.
Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, құзырлы министрліктер мен ведомстволардың ұсынысы бойынша, республиканың арнайы комиссиясының кезекті мәлімдемесіне сәйкес, 15 қаңтардан бастап Өзбекстанның Қазақстанмен шекарасынан екі ел азаматтарының өтуі уақытша тоқтатылды.
Соңғы күндері осы елде COVID-19 жұқтырғандар саны күрт өсуде. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, тек 15 қаңтардың өзінде ғана 13,6 мың адамда коронавирус инфекциясы анықталған. Бұл 11 қаңтардағыдан 9 мың, 14 қаңтардағы жағдайдан 1200-ге артық көрсеткіш.
Өз кезегінде, Қазақстан да 2020 жылдың наурыз айынан бастап, пандемия толқыны күшейіп жатқан уақытта осындай тыйымдарды іс жүзінде қолдануда.
Екі ел азаматтарының Өзбекстанның Қазақстанмен шекарасын кесіп өтуіне қойылатын шектеулер мына құрамдағы кісілерге қолданылмайды:
- әуе көлігі арқылы келетін азаматтардың барлық санаттары;
- шекаралық теміржол вокзалдары мен шекаралық өткізу пункттері арқылы Отанына оралған Өзбекстан және Қазақстан азаматтары (тараптардың азаматтары);
- үкіметаралық курьерлік байланыс қызметкерлері;
- халықаралық жүк тасушы жүргізушілер;
- ресми (үкiметтiк) делегациялар құрамындағы адамдар;
- дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдардың қызметкерлері, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері;
- Қазақстан аумағында орналасқан Өзбекстан объектілері, сондай-ақ Өзбекстан аумағында орналасқан Қазақстан объектілеріне қызмет көрсететін қызметкерлер;
- Осы елдерде инвестициялық жобалар аясында өз қызметін жүзеге асырып жүрген Өзбекстан, сондай-ақ Қазақстан азаматтары;
- Өзбекстанда тұрақты тұратын Қазақстан азаматтары, сондай-ақ Қазақстанда тұрақты тұратын Өзбекстан азаматтары;
- осы елдерде білім алатын тараптардың азаматтары;
- ауыр науқастанған жақын туыстарын көру немесе жақын туыстарын жерлеуге қатысу қажеттілігіне байланысты медициналық мақсатта кіретін (кететін) тараптардың азаматтары;
- қайтыс болған Өзбекстан азаматтарының мәйіттерін алып жүру кезінде Қазақстан аумағында және Қазақстан азаматтарының Өзбекстан аумағындағы бірге жүретін тараптардың азаматтары.