Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан-Қазақстан мемлекеттік шекарасын демаркациялау туралы келісім БҰҰ хатшылығына тіркеуге тапсырылды
12:46 / 2024-09-26

2024 жыл 25 қыркүйекте Өзбекстан мен Қазақстан СІМ басшылары Нью-Йоркте кезедсу өткізіп, екі елдің мемлекеттік шекарасын демаркациялау туралы келісімді БҰҰ хатшылығына тіркеуге тапсырды.

СІМ мәліметінше, БҰҰ Бас Ассамблеясының 79-сессиясының «жоғары деңгейдегі апталығы» аясында ұйым Жарғысының 102-бабына сәйкес БҰҰ Хатшылығында Өзбекстан Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы Өзбекстан-Қазақстан мемлекеттік шекарасын демаркациялау туралы шартты тіркеу және жариялау үшін қажетті құжаттар тапсырылды. 

Шартқа Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев пен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жыл 22 желтоқсанда Қазақстан Президентінің Өзбекстанға мемлекеттік сапары барысында қол қойған және 2023 жылғы 4 шілдеде күшіне енген. Бұл құжат Өзбекстан-Қазақстан мемлекеттік шекарасын халықаралық құқықтық тұрғыдан рәсімдеу бойынша көпжылдық бірлескен жұмыстың нәтижесі.

«25 қыркүйек күні Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясы сессиясы аясында Өзбекстан және Қазақстан сыртқы істер министрлері Мемлекеттік шекараны демаркациялау туралы шарттың БҰҰ Хатшылығында тіркелуі Орталық Азия елдері үшін теңдессіз тәжірибе екенін атап өтті», делінген СІМ хабарламасында.