Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан-Қазақстан Үкіметаралық комиссиясының кезекті отырысы өтті
11:23 / 2023-05-06

5 мамыр күні Ташкентте Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы екіжақты ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық бірлескен комиссияның жиырмасыншы отырысы өтті.

Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Арипов пен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кездесуде екіжақты қарым-қатынастар стратегиялық серіктестік пен одақтастық қағидаттары негізінде белсенді дамып жатқаны атап өтілді. Айта кетейі, мұнда Президенттер Шавкат Мирзиёев пен Қасым-Жомарт Тоқаевтың бірлескен күш-жігері маңызды фактор болуда.

Елдер арасында өзара сауданың қарқынды дамып келеді. Кейінгі бес жылда сауда екі еседен астам өсті. Өткен жылы бұл көрсеткіш 4,6 миллиард долларды құрады. Екі ел басшылары үкіметтер алдына алдағы бірнеше жылда тауар айналымын 10 миллиард долларға жеткізу міндетін қойған. Бұл бағытта құрылған жұмыс топтары қазір белсенді жұмыс істеп жатыр.

Бүгінде Өзбекстанда қазақстандық капиталдың қатысуымен 1200-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді.

Экономикалық әріптестікті тереңдетудің басым бағыты өндірістік кооперацияны дамыту.

Өткен жылдың желтоқсан айында Ташкентте өткен Мемлекет басшыларының келіссөздерінің нәтижесінде қабылданған «Жол картасы» барлық басым бағыттарды, оның ішінде 10 миллиард долларды құрайтын нақты жобаларды қамтиды. Жылу электр станцияларын салу, фосфор және минералды тыңайтқыштар, тұрмыстық техника, фармацевтикалық өнімдер шығару, тоқыма кластерлерін құру, автомобиль өндірісін кеңейту және басқа да жобалар солар қатарында.

Кездесуде осы міндеттер өзара ынтымақтастық қарым-қатынастарын одан әрі жандандыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал ететіні айтылды. Сондай-ақ сауда, инвестиция, өнеркәсіп, энергетика, көлік, ауыл және су шаруашылығы, білім беру, денсаулық сақтау және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту жөнінде пікір алмасылды.

Кездесу қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылды.

суреттерді түсірген Аъло АБДУЛЛАЕВ, ӨзА